Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда61465
Бір айда4241
Бір аптада1002
Кеше189
Тәулік1
«Лицей тарихына интерактивті музей: өткеннен болашаққа...»
Автор: Көп салалы лицей
21-12-2016 20:42
Лицей  тарихына интерактивті  музей: өткеннен болашаққа...

  2016 жылдың 15 желтоқсанында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау шеңберінде «Облыстық көп салалы дарынды  балаларға арналған лицей-интернат» ММ-де лицей тарихына интерактивті музейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш жиынға құрметті қонақтар, алғашқы  басшылары - Жумадирова Қ.Қ., Нуркешов Т.С., сонымен қатар, лицейіміздің  ардагер ұстаздары – Жумабаева К.Р., Шрамек С.Э., Ахметова Қ.М., Бичинева Т.Ю., Баймухамбетова Б.А., Дмитриева Л.В., Щербак М.И., мектептің  ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к. Афанасьева В.Н. шақырылды. Салтанатты іс-шарада Мұсылмен –әйелдер лигасы облыстық филиалының төрайымы Максилова Б.Ш. мен «Ақ әжелер» тобы әсем  әндерімен  көпшілік  қауымды  қуантты.

   Қазіргі  кезде  Тәуелсіз Қазақстанның рухани  әлемінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ең алдымен, Отанға деген  сүйіспеншілік пен кіндік қаны тамған жерден бастау алған өз болашағымызды қалыптастыруы  нығайып  келеді.

   Музей - тарихтың  бір бөлшегі, «Тарих жолы - адам жолы» дегендей, өткен тарихымызды білмесек, болашағымыз  бұлыңғыр. Қолымыздағы бар деректер арқылы зерттеушілік жұмыс жүргізуге  болады. Сонымен қатар, қомақты материалдарды мектеп тарихы мен  мектеп музейіне арналған сабақ үдерістері  мен сыныптан тыс сабақтарда  пайдалануға  болады.

    Біздің  мектеп музейі  заманауи техникалармен, мультимедиялық   қосымша  ақпарат көздерімен жабдықталған, бұл - көрермендер үшін тиімді заманауи құрал. Көрме залында жаңашылдық пен дәстүрдің қатар көрінуі, ішкі мазмұны  түгел дерлік жабдықталуы – музейдің  болмыс- бітімін, кеңістігін ерекше айқынтықтайтын  белгі. Жобалау және басқа да ақпараттық технологиялар негізінде  лицейдің  қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі  тарих  беттері  парақталады.АКТ  көмегімен  лицей жылнамасына саяхат жасап шығады. Жаңа форматты  музейдің құру АКТ белсенді  қолданумен қатар, лицей  үшін  жаңашылдық  болып табылады.

   16 жылдың қаншама естеліктері, альбомдар, фото және бейне  мұрағаттардың бай қоры жинақталды. Лицей тарихының бұрышы білім ордасының тарихымен танысуға, сонымен бірге оқушылардың белсенді азаматтық  позициясын,  өз елінің  патриоттарын қалыптастыруға бағытталған.

   Оқушыларды  патриоттық  сезімге  тәрбиелеуде  музейдің  орны  ерекше. АКТ құру -  интерактивті  құралдардың  көмегі арқылы оқыту тиімділігін арттыру, танымдық белсенділіктерін ынталаландыруда, музей экспозициялары негізінде оқушыларды  әлеуметтендіру  үшін  ықпалы  зор.

   Бүгінгі  таңда осындай  іс-шаралар  мемлекетіміздің   «Мәңгілік Ел» ұлттық идеяны  насихаттауға арқау болады, бұны бірлік пен ынтымақты  сақтауға  негізделген қағидат деп есептеуге болады.Ұлттық  идеяны  жүзеге асыруда  өскелең  ұрпақтың  патриоттық  сезімін   қалыптастырады.  

Дирекордың бейгінді оқыту жөніндегі орынбасары   Б.А. Кожахметова 

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі