Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда58626
Бір айда3735
Бір аптада1225
Кеше161
Тәулік3
««Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» ММ-де өткен ашық сабақтар фестивалінің қорытындысы»
Автор: Көп салалы лицей
26-12-2016 14:00
«Облыстық  көп салалы  дарынды  балаларға  арналған лицей-интернат» ММ-де  өткен ашық  сабақтар  фестивалінің   қорытындысы

«Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру».

                                        Н.Ә.Назарбаев

     «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» ММ-нің  барлық мұғалімдері әдістемелік кеңестің жоспарына сәйкес 2016 жылдың 5-10 қарашасы аралығында ашық  сабақтар фестивалінде белсенділік  танытты.

   Аталмыш іс-шараның  мақсаты- мектепте білім беруді жетілдіру, тұлғалық  дамыту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, тәжірибелі ұстаздардан жас педагогтер кәсіби жағынан  тәлім алуға   бағыттау.

    Лицейдің әр мұғалімі - білім алушыны дамыту үшін барлық  оңтайлы  жағдайлар жасап, білім сапасын арттыруда тиімді педагогикалық технологияларға шығармашылық ізденіспен қызығушылық танытқан өз ісінің шебері әрі жоғары білікті маманы. Педагогтер оқытуда жаңашыл технологияларды ұтымды қолданып, педагогикалық шеберлік деңгейін, шығармашылық әлеуетін дамытып, оны іс жүзінде қолданып жүргендерін  көрсетті.

     Лицей әкімдігінің фестиваль ұйымдастырудағы міндеті – мектептің әдістемелік  қорын қалыптастыруда  педагогикалық тәжірибелер  жинақтау, әртүрлі  деңгейлі  жарыстарға  мұғалімдерді іріктеу, ашық сабақтар жинағын шығару, үздік  материалдарды  ОКСДБЛИ  сайтына  жариялау.

   Іс-шараға қатысқан  мұғалімдердің арасында  тәжірибелі  мұғалімдермен  бірге жас мұғалімдер, 28 педагог (100%), өтінім берді. Ашық сабақтар топтамасында үш  кафедраның әр  қатысқан  мұғалімі өз кәсіби шеберлігін   танытты.

    Қазіргі  уақыт қарқыны  біздерді, ұстаздар қауымын,  заманауи  оқыту  технологияларын меңгеруді, қолдануды талап  етеді. Реформалар  мен  модернизация  кезінде болашаққа  көз жүгіртіп, заманмен  бірге қадам  басып отыруымызды қажет етеді. Креативті  тұлғаларға өз мүмкіндіктері мен  әлеуетін көрсетуге  мүмкіндіктер  туды. Сол себепті  ашық сабақтар кезінде басым бағыттардың бірі – АКТ қолдану. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар   күнделікті  өмірімізде  маңызды  орын  алғандықтан, сабақ  үдерістерінде оларды ұтымды  да тиімді  пайдалану  керек. Мұндай  технологиялар  оқушылардың білім сапасын  арттыруда ықпалы  зор. Мұғалімдер  медиаоқулықтар мен  ғаламтор ресурстарын  оңтайлы  қолданады. Сонымен қатар  Power Point бағдарламасы арқылы  өз оқу презентацияларын құрастырады, интерактивті тақта мен сандық технологияларды пайдаланады. Деңгейлік  курстан  өткен  мұғалімдер және  тәлім алушы жас  мұғалімдер сабақтарында  7  модульді  өзара  үйлестіріп, ықпалдастырып    қолданды.

     Қазіргі кезде  тұлғаның  функционалдық  сауаттылығы дамыту  маңызды  мәселелердің  бірі  ретінде  саналады.  Оқушының  ертеңгі күні әлеуметтік  ортаға бейімделуі- басты  міндеттердің  бірі, ал оның шешімін    мектеп қабырғасында қарастыру керек, сол  себепті  ашық сабақтар міндеттерінің  бірі – ФС қалыптастыру. Мұғалімдер пәндер бойынша оқушылардың білімдерін өмірлік жағдайға бейімдеу арқылы тапсырмаларды  құрастырды.

    Жалпы,  фестиваль аясында  сабақ берген  мұғалімдер өздерінің  әдістемелік  деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар сабаққа  қатысқан  мұғалімнің де кәсіби шеберлігін  дамытуға  жағдай  туғызды.

   Лицей әкімдігі  мұғалімдердің сабағын бағалайтын критерийлер мен  дескрипторлар құрастырды. Ашық сабаққа қатысқан әр мұғалім бағалау  парағын толтырады, әр өлшемге  қатысты ұпай  қойып,  соңында  орташа  қорытынды  ұпай  шығарды.

    Фестиваль  қорытындысы  мен  жалпылау  іс-шарасы 2017  жылдың  наурыз  айында  әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысында жалғасын табады. Бұл жалпылау педагогикалық  тәжірибе – тәжірибелік семинар, мұғалімдер  оқыту үдерісінде  дарынды балалармен жұмыс жасауда  әдістемелік жаңашылдықтар  туралы қарастырады. Бұл жерде оқушылардың да үдеріске белсене  қатысқанын  атап өтуге болады

  Ашық сабақтардың нәтижесі бойынша бағалаудың қорытынды ұпайы шықты, жыл соңында мұғалімдердің жалпы рейтинг көрсеткішіне кіреді. Лицей әкімдігі қажеттілігіне  қарай жарыс үдерісінде номинациялар бойынша марапаттау құқығын өздеріне қалдырады. Сабақтары үздік деп танылған мұғалімдер бағалы сыйлықтар мен сыйақылармен  марапатталады,  мектеп  сайтында жарияланады.

   Жаңа идеялар, оқу пәндерін оқытудағы жаңашылдықтар, компьютерлік технологияларды  ұтымды қолдану негізінде фестиваль қатысушылары - мұғалімдер мен оқушылар өздерінің жоғары әлеуеттерін көрсетті. Барлық қатысушыларға  шығармашылық табыс пен жаңа игі  бастамалар  тілейміз.

 Бейіндік оқыту  бойынша  директор  орынбасары: Кожахметова Б.А.

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі