Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда60741
Бір айда3586
Бір аптада690
Кеше82
Тәулік21
«Ұстаздар күні құттықтаймыз!»
Автор: Көп салалы лицей
30-09-2017 15:04
Ұстаздар күні құттықтаймыз!

Қадірлі ұстаздар! 


Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады.

Ұстаз - келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні - мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты - мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты - оқу мен әдебиетте», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. 

Ұстаз - осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл - айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады. 

Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі