Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда58337
Бір айда3363
Бір аптада649
Кеше81
Тәулік7
«БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН VIІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»
Автор: Көп салалы лицей
09-10-2017 12:12
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН VIІ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2017 жылғы 5 қазан күні биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы жасалды. Биология бойынша үздік білгірлер сайысына 88 оқушы қатысты.

  Оқушылардың биология пәнін терең білімге деген құштарлығы қуантады. Барлық оқушылар талантты болғандықтан жеңімпазды анықтау қиынға түсті.

 

  

Төрт сағаттық жарыста озып шыққан жеңімпаз – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик.

 Екінші орынды  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы  Тоқтар Ырысты иеленді.

 Үшінші орынға облыстық көп салалы дарынды  балаларға арналған лицей-интернатының 7 және 8 сынып оқушылары Белокурова Злата мен Нурмаганбетов Бакытжан, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді  лицейінің 8 сынып оқушысы Балашов Рамазан ие болды.

 Құрмет грамотасымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7 сынып оқушысы  Мусин Адильжан, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің 8 сынып оқушысы Медет Кашен, Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Успанова Аймира, облыстық көп салалы дарынды  балаларға арналған лицей-интернатының 7 және 8 сынып оқушылары Ахметова Алуа мен Евлоев Микаил марапатталды.

http://ertisdaryn.kz

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі