Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда58337
Бір айда3363
Бір аптада649
Кеше81
Тәулік7

«Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналғанлицей-интернат» тарихынан

   2000 жылдың 4 қыркүйегінде  Павлодар облысы әкімінің №203 шешімі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ жанынан Облыстық көп салалы мектеп-лицей ашылған еді.2000 жылдың 13 қарашасында лицейдің есігі айқара ашылып, 68 оқушы осы табалдырықты аттады. «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың  24 мамырындағы №3002 Өкімін одан әрі іске асыруға  сәйкес 2004 жылы лицей  «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі мәртебесіне ие болды.(Павлодар облысы  әкімінің 31   желтоқсандағы Қаулысы бойынша)
   Лицейдің алғашқы директоры п.ғ.к. Жумадирова К.К болды. 2009 жылдан бастап бүгінге дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ магистранты Нуркешов Т.С. басқарып келеді. Лицей 2000 жылдан 2013 жылға дейін Ломов көшесі 64 мекенжайында орналасқан С.Торайғыров атындағы ПМУ ғимаратында жұмыс жасап  келген болатын. Лицейде оқу қазақ және орыс тілдерінде оқытатын, 9 сыныптан басталатын. 2013 жылдың 1 тамызындағы Павлодар облысы әкімдігінің №282/2 Қаулысына сәйкес  Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» ММ болып атауын өзгертті. Қазіргі уақытта лицей-интернат Катаев көшесі 63 мекенжайында орналасқан жеке ғимаратта жұмыс жасайды.
    Лицейде Павлодар қаласы және облыстық мектептерден келген,жиынтығы он сынып, 223 оқушы оқиды. Биылғы оқу жылынан  бастап мемлекеттік бағдарлама негізіндегі  8-11 сынып оқушылары қабылданды. 8 сынып жаратылыстану – математика бағытында болса, 2 сынып  қоғамдық - гуманитарлық  бағытта білім алады. 8,9 сынып оқушыларын қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

   Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің негізін жаңғырту - Қазақстан дамуының  басым бағыттарының бірі болды.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай, бәсекеге қабілетті, білімге құштар, өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін  жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
   2010 жылдан бастап педагогикалық ұжым «Дарынды балалардың позитивті әлеуметшіл зияткерлік жағдайы ретінде креативтілікті дамыту» тақырыбында жұмыс жасайды.

    2010,2011 жылдары ұстаздар жеке тұлғаның креативтілігін қалыптастырудың  теориялық негізін ойдағыдай жетілдірді.

  2012 жылы дарынды балалардың креативті – интеллектуальдық әлеуетін көтерудегі инновациялық технологияларды тиімді қолдана отырып күрделі мәселелерге шыға білді.
     Ұжымның алға қойған мақсаты: Білім берудегі инновациялық тәсілді қолдана отырып, келешектегі ұлт қалаулыларын дайындау, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға дайын, басты құзырет үшін қоғамды сәтті әлеуметтендіретін және бірқалыпты дамытатын жоғары адамгершілік тұрғысынан зияткер креативті тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуге жағдай туғызу.Педұжым 3 жылдың аумағында тақырыпқа сәйкес зерттеушілік әрекетте  алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда. Осыған орай негізгі әрекеттің бағыты айқындалды. Педұжымның барлық  қызметі осы міндеттерді орындауға арналған еді.

   Педұжым білім бере отырып, интеллектің, шығармашылықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің артықшылығын бекітетін әлеуметтік-мәдени кеңістік құру,
қоғамдық өмірде креативтік қабілеттер мен шығармашылық реттілікті әлеуметтік жағынан нығайтуға септігі бар педагогикалық технологияларды кеңінен ендіру арқылы оқу-тәрбие ісіндегі міндеттерді шешуге болады деп есептейді.

   Ең алдымен, лицейде жеке тұлғаның креативтілігін, зияткерлік қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай туғызу болып табылады.

  Лицей-интернаттыңматериалдық- техникалық базасы дамыған: 20 кабинеті, физика, химия, биология пәндерінің  зертханалары, мәжіліс залы, спорт залы, кіші спорт залы, жаттықтыру залы, медициналық кабинет, кітапхана, оқу залы, әдістемелік кабинет, мектеп мұражайы бар.

   Жұмыс тиімділігі  үшін пайдаланатын 13 интербелсенді тақта, 15 ноутбук,  интернетке қосылуға арналған 30 моноблок бар.  Кітапханада 22,727 дана кітап сақтаулы.

    Ұстаздар3 жыл көлемінде  тақырыпқа сәйкес зерттеушілік әрекетте  алға қойған міндеттерді жүзеге асыра отырып, жеке тұлғаның креативтілігін  қалыптастыратын әдістер мен технологияларды кеңінен меңгеріп, өткен жылдан бастап оқу-тәрбие жұмысына енгізді. Бұл жұмыстарды атқаруда ғылыми-әдістемелік кеңес, кафедралар, шығармашылық топ, сертификатталған мұғалімдер қауымдастығы көп септігін тигізді. Оқыту үдерісін аса білікті мамандар жүзеге асырады: 3 кафедрада 34 педагог жұмыс жасайды, оның 20-сы жоғары санатты, 5-еуі бірінші санатты, 5-еуі екінші санатты, 4-еуінің санаты жоқ.

    Лицей ұстаздары жыл сайын «Жыл мұғалімі» сайысына қатысып отырады. 2011 жылы Зауат Р (3 орын) жүлдегер атанса, 2012 жылы (2 орын) Мирошникова Н.В. , 2013 жылы Карякина Е.В. сайыс жеңімпазы атанды.  Жас ұстаз Темиров Н.Р. «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» атты  облыстық сайыстың жеңімпазы және республикалық «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» атты сайыстың жүлдегері атанып  екі дүркін жеңіске жетті. (2012, 2013 ж)

  Лицей ұстаздары әрдайым пән бойынша интеллектуальдық сайыстарға қатысып, жеңіске жетуде. Төрт мұғалім жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық мұғалімдер сайысының жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды (Мирошникова Н.В., Исадилова А. Н., Карякина Е.В., Зауат Р.). 2010 жылы республикалық авторлық бағдарлама сайысынан Бичинева Т.Ю мен Мирошникова Н.В. жүлделі орынға ие болды.
   Мирошникова Н.В. С. Торайғыров атындағы ПМУ орыс тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасы мұғалімдерінің шығармашылық тобында жұмыс жасайды, және осы кафедрамен бірлесе отырып 10 сыныпқа арналған оқулық құрастырды. Оқулық ғылыми сарапшылыққа жіберіліп, басып шығарылуға дайындалуда. Алыкпашова Ш.К. орыс тілінде оқитын 11 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарының авторы (С.Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен бірлескен).

    Лицей мұғалімдері ПМ БАИ курстарының тыңдармандарына арналған мастер-класстар  өткізеді, республика және облысмұғалімдеріне арналған он-лайн кеңестерін  жүргізеді.

  Барлық мұғалімдер Қазақстандық интернет – олимпиада республикалық сайысына қатысып отырады. Карякина Е.В. Қазақстан тарихы бойынша 3 орынды иеленсе,  Абдразакова Г.М.,  Сурмий Т.М.  орыс тілі мен әдебиеті бойынша 1 орынды иеленді.

    Лицей мұғалімдері АКТ жетік меңгерген, он-лайн жүйесінде сабақтар өткізуге қатысады. Лицей ұстаздарында 19 авторлық бағдарлама, 6 құрылымдағы бағдарлама құрастырылды. Соңғы үш жылда мұғалімдердің 35 мақалалары баспа бетінде жарық көрді.

   11 мұғалім Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша курстан өтті: Шмулько О.В –бірінші деңгей;Исадилова А.Н., Абдразакова Г.М., Сурмий Т.М., Зауат Р., Камзанова Г.Э., Нургалиева Ш.К –екінші деңгей; Сачанов А.Т., Карякина Е.В.,Карагаева М.Н., Косыбаева А- үшінші деңгей. Сертификатталған мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын, АКТ, диологтық оқытуды кеңінен қолданады.

Нәтижелі еңбегі үшін мұғалімдер төмендегідей  мақтаулармен марапатталды:

Мемлекеттік және үкіметтік марапаттаулар:

Мемлекеттік  орден «Құрмет»-1

Ы. Алтынсарин атындағы медаль– 1;

«Жаңашыл ұстаз» атағы  - 2;

 «ҚР білім беру ісінің құрметті  қызметкері» төс белгісі– 2;

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты - 2;

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі- 1;

«ҚР білім беру ісінің үздігі»төс белгісі- 1.

Ғылым және білім Министрлігінің марапаттаулары:

ҚР Ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасы -11;

ҚР Ғылым және білім Министрлігінің Алғыс хаты-3.

Павлодар облыстық марапаттаулар:

Павлодар облысы Әкімінің сыйлықақысы мен Құрмет грамотасы -5;

«Облыс алдындағы ерен еңбегі үшін» медалі -1;

Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы-13;

Білім беру басқармасының Алғыс хаты -6;

«Дарын» АҒТО  Құрмет грамотасы-6.

    Лицейде дарынды тұлғаның шығармашылығын дамыту бойынша белгілі жүйе қалыптастырылған.Оқушылардың мәдени зерттеушілігінің дамуына жоғары оқу орнының оқытушылары қатысуымен іске асырылған «Жас канат» атты ғылыми қоғамдастығы жағдай жасайды және ол үш бағыттан тұрады.Университетпен өзара әрекеттесудің түрлі тәсілдері аз уақыт ішінде мектепке жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді.Жоғары сынып оқушыларының әртүрлі мамандыққа икемі мен қабілетін диагностикалық әдіспен анықтап, оқушылар мен ата-аналарды қазіргі кезде нарыққа қажетті, қаланың білім беру кеңістігіне, ПМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы арқылы кәсіби бейімдеу мониторингке бағыттау жұмыстары жүргізіледі.

  «Өзін-өзі басқару» жеке бағдарламасы   оқушылардың интеллектісін, шығармашылығын, әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    Креативті тұлғаны қалыптастыру бойынша мектеп пен отбасы байланысын нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Мектеп директоры Т.С. Нуркешов –тың бастамасымен «Даму» атты қамқорлық кеңесі құрылды, бұл кеңес арқылы педұжым алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда тығыз байланыста бола алады. 

  Лицей  психологы оқушыларға тұрақты психологиялық-физиологиялық  зерттеулер жүргізіп отырады, сонымен қатар оқу үлгерім деңгейі, әлеуметтік деңгейі, негізгі білім деңгейі, интеллектуальдық даму деңгейін бақылауда ұстайды. Педұжымның қажырлы еңбегі және әр оқушымен шығармашылық жеке тіл табыса алуының арқасында лицей оқушылар белгілі көлемде жетістіктерге жетуде.

   Лицей құрылғаннан бастап, жыл сайын облыстық олимпиада сайысында ең үздік олимпиада командасы болып келеді және 2008,2010,2013 жылдары республикалық олимпиада сайыстары бойынша ең үздік олимпиада мектебі атанды.

    2012,2013 жылдары лицей «Білім берудегі ең үздік ұйым» сайысына қатысты. 2013 жылы осы сайыста жеңіске жетіп, 14 млн.900 теңге сертификатын алды.

   ҰБТ көрсеткіштері бойынша лицей жыл сайын республикалық ең үздік 100 мектептің қатарында келеді.

   Бүгінгі күні лицей-интернат – бұл белсенді азаматтық ұстанымдағы  зияткерлік креативті тұлғаны  қалыптастыратын орталық.

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі