Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда60741
Бір айда3586
Бір аптада690
Кеше82
Тәулік21

Оқушыларға арналған ережелер

I. Жалпы ережелер

 1.1. Лицей оқушыларына арналған ережелер (әрі қарай «Ережелер» деп аталады) жалпымектептік конфкренциямен қабылданады. Конференцияны және оның өкілдіктерін шақыру реті конференцияға дейін 1 ай кешіктірілмей педагогикалық кеңеспен бірлесе отыра мектеп әкімшілігімен анықталады. Ереже қабылданғаннан кейін бекітіліп, мектеп директорының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.

 1.2. Ережелер жыл сайын сынып жиналыстарында талқыланады және қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, ол туралы сынып жиналысын өткізбес бұрын 1 айдан кешіктірмей мектеп дирекциясына жазбаша түрде хабарлау керек. Сынып жиналысынан келіп түскен ұсыныстарды әкімшілік қарастырады және қабылданған шешім сынып жиналысына жазбаша түрде немесе 1 айдан кешіктірмей жиналыстағы өз өкілдігі арқылы жеткізіледі. 

  1.3. Аталмыш Ережелердегі өзгертулер туралы сұрақ сынып ұжымдарының 1/3-нен кем емес ұсыныстар болған жағдайда конференцияның қарастыруына енгізіледі және соңынан мектеп дирекциясының бекітуімен оқушылардың жалпымектептік конференциясында шешім қабылданады.

 1.4. Осы Ережелер оқушылар лицейге қабылданғаннаннан бастап тәртіп ережелерімен бекітіледі және оқушылардың бір-бірімен, сонымен қатар мектеп қызметкерлерімен  қарым-қатынасын реттейді, әрбір оқушының табысты білім алуына,тұлғаға және оның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрі негізінде қарым-қатынас дағдылары мен тәртіптілік мәдениетін дамытуға жағдай жасайды. 

II. Жүріп-тұрудың жалпы ережелері 

 2.1. Оқушылар мектепке оқу қызметін орындау үшін, өз қабілеттері мен ынтасын дамыту үшін келеді. Мектепте ұйымдастырылған әрбір сабақ мектеп директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Оқушы мектепке таза, ұқыпты киіммен, сабақ басталғанға дейін 15-20 минут бұрын келеді,

 2.2. Мектеп оқушысы үлкендерге сыйластық білдіріп, кішілерге қамқор болады. Барлық оқушылар педагогтарға, мектептің басқа қызметкерлеріне және үлкендерге «сіз» деп сөйлейді.

 2.3.  Мектепке кіретін және шығатын жерде оқушылар – үлкендерге, жоғары сыныптар – кішілеріне, ер балалар – қыз балаларға жол береді.

 2.4.  Дәліздерде және баспалдақпен көтерілгенде оң жақпен жүру бекітіледі.

 2.5.  Мектептен тыс жерде оқушылар өздеріне, мектептің атына кір келтірмеуі тиіс.

 2.6. Оқушылар мектеп мүлігін сақтау керек, өз мүліктеріне, сонымен қатар бөгде мүлікке мұқият қарауы тиіс.

III. Сабақ кезіндегі тәртіп және лицей оқушыларының міндеттері

 3.1. Педагог сыныпқа кірген кезде оқушылар амандасу белгісі ретінде орындарынан тұрады, педагог амандасуға жауап беріп, отыруға рұқсат берген кезде ғана орындарына отырады. Осындай тәртіппен оқушылар сыныпқа кірген кез-келген үлкен адаммен амандасуы керек.

  3.2. Әр мұғалім осы Ережелерге сәйкес өз сабағында тиісті талаптарды қоя біледі.

  3.3. Сабақ кезінде шығу қажеттілігі туындаған жағдайда оқушы орнынан тұрып, педагогтан рұқсат сұрайды, рұқсат бергеннен кейін ақырын шығып, тыныш отыра қалуы тиіс.

 3.4. Оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы келсе, қолын көтереді. 9-11 сынып оқушыларына мұғалімнің келісімі бойынша отырып сұрақ қоюларына болады.

 3.5. Сабақ қоңырау соғылған кезде аяқталуы тиіс. Мұғалім сабақтың аяқталғанын хабарлаған соң, оқушылар орындарынан тұрып, әркім өз жұмыс орнын жинап, сыныптан шығады.

  3.6. Оқушы:

- оқушыларға арналған аталмыш Ережелерді орындауға;

- әр сабаққа мұқият дайындалуға;

- мектеп нұсқаулықтары мен ережелеріне бағынуға;

- әкімшіліктің, мұғалімдер мен үлкендердің талаптары олардың құзыреттілігі аясында қойылса, оны орындауға;

- себепсіз сабақ босатпауғаміндетті.

IV. Сабақтан тыс уақыттағы тәртіп 

  4.1. Оқушылар:

 4.1.1. Сабақ басталмас бұрын өзінің жұмыс орнын, тиісті оқу құралдарын дайындайды.

 4.1.2. Сыныптағы (кабинеттегі) кезекшінің сұрауы бойынша оқу жайын желдеткен кезде кабинеттен шығады.

 4.1.3. Сыныпты келесі сабаққа дайындау үшін мұғалімге және кезекшіге көмектеседі.

 4.1.4. Асханада тамақ алу кезінде кезек сақтайды, ыстық және сұйық тағамдарды алуда сақ болуы тиіс, өзінен кейін үстелді, өзімен әкелген тағамды жинайды.

  4.2. Кезекші сыныпты ретке келтіруі тиіс, сабақ аяқталған соң жинап, тазалап, мұғалімнің келесі сабағына көмектеседі, қажеттілігіне қарай үлкен үзіліс кезінде кабинетке желдету жүргізеді. 

V. Оқушыларға тыйым салынады

   5. 1. Оқушыларға:

- мектепке және мектеп аумағына жарылғыш заттарды, қару-жарақ, спирттік ішімдіктерді, есірткі, сонымен улағыш заттарды әкелуге;

- сабақ босатуға, педагогтардың рұқсатынсыз сабақ уақытында кетіп қалуға болмайды. Оқушы сабақ босатқан жағдайда сынып жетекшісіне растау құжатын (медициналық анықтама немесе ата-анасынан, заңды өкілдері тарапынан жазылған хатты) көрсетуі тиіс.

-   сабаққа кешігуге;

- сабақкезінде дәлізде айқайлауға, басқалардың демалуына бөгет жасамауы тиіс;

-  мектепте бас киімде, кір аяқ-киіммен жүруге(мектепте ауыстыратын аяқ-киім әкелу бекітілген);

-   бірін-бірі итермелеуге, заттарды лақтыруға, күш көрсетуге;

-   баспалдақпен, терезеге жақын жерде жүгіругетыйым салынады.

VI.  Жазалау шаралары

6.1.  Аталмыш Ережелерді бұзған оқушыларға келесі тәртіптік жауапкершілік (жазалау) шаралары қолданылуы мүмкін:

- ескерту; сөгіс; лицейден шығару; оқушыларды сыныптық және жалпымектептік жиналыста, қоғам алдында ұялту;

-   жұмыс орны бойынша ата-аналарына хабарлау.

 6.2. Жоғарыда аталған тәртіптілік жауапкершілік шаралары, лицейден шығарудан басқасы, сынып жиналысында, мектеп әкімшілігі тарапынан ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

  6.3. Жазалаудың кез-келген түрі шешім қабылданғаннан кейін үш күн ішінде ата-аналар (заңды өкілдері) назарына жеткізілуі тиіс.

 6.4. Лицейден шығару ерекше жағдайда және лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.

 6.5. Жазалау шаралары бір педагогтың қатысуымен жарияланған кезде оқушының назарына жеткізілді деп саналады.

Оқушыларға арналған ережелердің орындалуы сынып жетекшісінің оқушыға мінездеме жазған кезінде (қажеттілігіне орай, құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша, оқушының немесе олардың заңды өкілдігінің) ескеріледі және кемшілікке жол берген кезде міндетті түрде ата-аналар (заңды өкілдердің) назарына жеткізіледі. 

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі