Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда60741
Бір айда3586
Бір аптада690
Кеше82
Тәулік21

Әлеуметтік педагог

         

 

Темирова Жансура Сейтеновна

Білімі: Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық институтының, педагогика-психология факультетін бітірген.

Әлеуметтік педагог болып 15 жыл қызмет етеді.  2013 жылдан бастап «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты»-нда жұмыс істейді.

  «Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды. Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады.Ал, әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау.  Әлеуметтік педагог тұлғаның ерекшеліктерін айқындап, ішкі жан дүниесін іске қоса білуі тиіс. Әсіресе, әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік ортада алар орнын айқындай білуі, балалармен жеткіншектердің әлеуметтік шыңдалуына, қиындықты жеңе білуіне бағытталған іс-әрекет ұйымдастыруы керек. Бұл қызметтің негізгі ұстанымына – баланың адамгершілікті мінез-құлқын қалыптастыру жатады.  Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 

1.Қарым-қатынас барысында ынталы болу.
2. Баланы тыңдай білу.
3. Сіздің қателігіңізден болып, бала мен ұжым арасында  дау туындауы мүмкін, оны да ұмытпау керек.
4. Баланың жасаған қателіктерін мойындатуда кезінде әдепті, салмақты болу. 
5. Өзінің адамгершілік  түсінушілігін және  өз көзқарасынан  басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
6.  Қарым-қатынаста сыпайы болу, жиі күлімсіреу.
7. Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды қасиеттерін ашуға тырысу, жиі мақтау, мадақтаулар айту.

 

Бұл әлеуметтік педагогтың міндетті түрде атқаруға тиісті қызметінің бірнешеуі ғана. Әлеуметтік педагогтің жеке басына қойылатын мұндай талаптарды ескере отырып, екінің бірі бұл мамандықты игеріп кете алмайтындығын көруге болады. Әлеуметтік педагог өз қызметін дұрыс игеруі үшін мамандық білімділігінің болуы да өте маңызды.Ол өз мамандығымен қоса баланы да сыйлап әрі жақсы көре білуі қажет.


Аз қамсызданған, көп балалы отбасылар, және сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу:

17 бала аз қамсызданған және көп балалы отбасынан, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  1 бала лицейдің есебінде тұр. 

Жыл сайын материлдық көмек көрсту бойынша жұмыстар жүргізіледі, балаларды тегін ыстық тағаммен тамақтандырамыз және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеміз. Биыл жазда осындай категориядағы балаларға арнап лицей "Жас Даурен" жазғы лагерінде жазғы демалыс ұйымдастырып жатыр.     

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі