Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда58337
Бір айда3363
Бір аптада649
Кеше81
Тәулік7

Лицей-интернатының оқу-материалдық активтері

Дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқу-материалдық активтері

 

 

          Лицейдің жалпы аумағы 5488,2 кв.м құрайды. Жобалық қуаты- 250 адам.        Лицей орталық жылумен, сумен, жарықпен, құбырлармен қамтамасыз етілген.  

    Ол материалдық – техникалық базаға сай орналасқан.

    Оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін 20 оқу кабинеті жабдықталған, жалпы көлемі 1166 кв.м., оның ішінде: компьютер кабинеті, компьютер саны – 14+1, барлығы да интернет жүйесіне қосылған. 

 

 

 

    

 

 

 

 

информатика кабинеті


  - 2  физика кабинеті, химия кабинеті, биология кабинеті, 2 орыс тілі кабинеті, 3 қазақ тілі кабинеті, 4 математика кабинеті, 2 шетел тілі кабинеті, 2 тарих кабинеті, оның біреуі Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне арналып безендірілген, сонымен бірге АӘД кабинеті мен өзін-өзі тану кабинеттері бар.  

 

 

 

 

 

 

 

физика  кабинеті


 

 

 

 

 

 

 

химия кабинеті


 

  

 

биология кабинеті


 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  кабинеті


 

 

  Барлық кабинеттер жеткілікті көлемде мебельдермен, құралдармен, көрнекі құралдармен, электронды оқулықтармен, таратып беретін материалдармен жабдықталған.

 Физика, химия кабинеттері интербелсенді құралдармен жабдықталған, зертханалық жұмыстар жасауға керекті барлық құрал-жабдықтар толық  қамтылған, 2 зертхана кабинеті бар.  

   

      

физика кабинетінің құралдары мен зертханасы


     

      

химия кабинетінің құралдары мен зертханасы


  Лицейде 1 спорт залы мен 1 жаттықтыру (тренажер) залы бар.  Спорттық бұйымдар және құралдарменжеткілікті көлемде жабдықталған.(күш беретін тренажер, жүгіретін жол, велотренажер, штангтер, таразы тастары, спорттық төсеніштер, шаңғылар, теннис үстелі, доптар, шеңберлержәне т.б.)

     

      

                                           спорт залы                                           


             

тренажер залы


 

 Кітапхананың оқу залының жалпы аумағы 64 кв.м. 14 адам отыратын орны бар.       

 

               

кітапхананың оқузалы


  Оқырмандарға арналған көркем әдебиеттер қоры отандық және шетелдік классиктердің шығармаларымен қатар, қазіргі заман қаламгерлерінің туындылары, фольклорлық шығармалар, тарихи шығармалармен толықтырылған.

  Сонымен қатар кітапханада түрлі аудио-жазба материалдары, барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар бар. Осы үлгідегі көрнекі құралдарды мұғалімдер  сабақтарында қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлау және ақпараттарды тиімді пайдалану мүмкіншіліктеріне ие болады.

  Психолог кабинеті де керекті құрал –жабдықтармен, мебельдермен, арнайы әдебиеттермен, компьютермен толықтырылған.

    Мектеп асханасы жаңа мебельдермен жабдықталған 150 орын және тұрмыстық техникалары бар (тоңазытқыш, бу пеші бар электр плиталары, мармид, микро толқынды  пеш). 

 

      

лицей-интернат асханасы


    Лицейде 1 медициналық және 1 ем шара қабылдау  кабинеті қызмет етеді, олар арнайы мебельдермен, медикамент қоры және құралдармен жабдықталған. (тоңазытқыш, бой өлшегіш, емдеу-бактерицидтік).

     

 

медициналық жұмыс бөлмем


   Мәжіліс залы  167 отыратын орынмен қатар қажетті құралдар музыкалық аппараттар, цифралық подиум,интербелсенді проектор, микрофондар,  дыбыс ұлғайтқыштар, колонкалар, цифралық фотоаппарат, ноутбуктары бар. 

 

       

лицей-интернаттың мәжіліс  залы


  Лицей ауласында спорттық алаңы бар. Лицейде этникалық мұражай безендірілген, онда суреттер мен құжаттық түпнұсқалар, қазақ халқының ұлттық- қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары, қазақтың дәстүрлі киіз үйі жабдықтары мен ұлттық киімдер үлгілері қойылған.

 

  

  

  

                                                              лицейдың муражайы


 Лицейдің безендірілуі қазіргі заман талабына сай жасалынған, мемлекеттік рәміздер стенді, ақпараттық, оқу-әдістемелік т.б. тақталар ілінген.

  Лицейдің 100 орынға арналған интернаты бар. Интернат ғимараты үш қабаттан тұрады.Интернаттың әрбір бөлмесінде 1-2-3 адамнан тұруға болады. 

Әр қабатқа бөлінген бөлмелер: оқушылардың сабақтан бос уақытында кітап оқитын, теледидар қарайтын, демалыс және өзіндік дайындыққа арналған  бөлмелері, тәрбиешілер бөлмесі,  суға түсетін  орындар,  дәретханалар, жуынатын  орындары бар.

     

            интернат холлы                                 үшінші қабаттағы холл                                              


      

       қыздар бөлмесі                           екінші қабаттағы өзіндік дайындык бөлмесі 


 Лицей-интернатта өрт кезіндегі дабылқақыштар,  «қорқыныш жағдайдағы түймешік», 42 өрт сөндіргіш қойылған. Сыртты бақылау жүйесі қондырылған. 

   Қазіргі заман талабына сай білім алу үшін, талапқа сәйкестендірілген ақпараттық техникалар мен материалдық- техникалық базамен толық жабдықталудың маңызы өте зор.

 Жыл сайынғы жаңа құралдармен кабинеттердің жабдықталып отыруы, оқу үдерісін оңтайландыруға, қызықты да көрнекті болуына әсер етуде.         

  Лицей-интернаттың материалдық-техникалық  базасы соңғы 3 жылда әжептәуір ұлғайып, интербелседі тақталармен, ноутбуктармен, оқулықтармен, ғылыми-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мебельдермен  толықтырылды. 

 

 
 

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі