Мәңгілік Ел - нұрлы болашақ

Мемлекеттiк рәмiздер

Бір жылда49974
Бір айда1952
Бір аптада255
Кеше53
Тәулік2
««Мектепке жол» акциясын өткізу туралы»
Автор: Көп салалы лицей
01-08-2018 12:38
«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

2018 жылдың тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында облыста «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. 


Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.


2018 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар өткізіледі. «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Нарықтағы бағадан төмендетіп сататын кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелер және көшпелі автодүкендердің өткізілуі жоспарланған.


Тұрғындардың үндеуіне жылдам жауап беру үшін «қызу желілердің», сенім телефондарының, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы ұйымдастырылған.
Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-12-42 балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

Директордың парағы

Рахимжанова Армангүл Сартайқызы

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептің орыс тілі мен әдебиетінің жоғары категориялы мұғалімі. "Учительская инновация-2004"атты облыстық фестивалінің лауреаты. Орыс тілі мен әдебиеттен мұғалімдерге арналған облыстық олимпиаданың жүлдегері (II орын, 2009 ж.). Жыл сайын оның оқушылары республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері атанады.

Әкімшілік

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың әкімшілігіне кіреді:
 
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Экономика және қаржы сауаттылығы 
- Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары
- Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Методист

Лицейдің педагогикалық құрамы

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының кафедра жұмысы:

1. Жаратылыстану ғылымдары
2. Нақты ғылымдар 
3. Гуманитарлық ғылымдар 
4. Дене шынықтыру пәні мұғалімі